🛠️🛣️ Биыл облыс аумағында 518 шақырымнан астам автожол жөндеуден өтіп, бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады

Опубликовано:

Автор:

в категории

🛠️🛣️ Биыл облыс аумағында 518 шақырымнан астам автожол жөндеуден өтіп, бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады

Ақтөбе облысындағы автожолдардың 90%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 1 875 шақырымды құрайды. Биыл облыс аумағында барлығы 518,2 км автожолды жөндеу жоспарланып отыр, оның ішінде: 227,5 км – республикалық, 218,2 км – жергілікті, 72,5 км – қала, ауыл ішілік жолдар. Сонымен қатар, «Ақтөбе-Ұлғайсын», «Орталық-Батыс», «Бейнеу-Сексеуіл» сынды ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр мәлімдеді.

🗣️Басқарма басшысының мәліметінше, ұзындығы 28 шақырымдық «Ақтөбе – Қарабұтақ– Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстары жалғасады. Аталған жолдың қалған 234 шақырым бөлігінің құрылысы басталмақ. Қазіргі уақытта конкурс рәсімдері жүргізілуде.

✅Сондай-ақ, 2026 жылы «Орталық – Батыс» жобасын «Астана – Ырғыз» учаскесінде іске асыру басталады. Дәліздің жалпы ұзындығы 896 шақырым. Ақтөбе облысы аумағында 141 шақырым жол 154,2 млрд теңгеге реконструкцияланады.

✅Сонымен қатар ұзындығы 559 шақырымдық «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының құрылысы басталады. Оның 245 шақырымы облыс аумағында салынып, жөнделеді. Бұдан бөлек, ұзындығы 206 км құрайтын «Шалқар – Бозой» автожолын салу және жөндеу жоспарланып отыр.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau-kyzylsu/press/news/details/1175671?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *