
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Бесқарағай ауданында өткен «Заң караваны» атты көшпелі акциясына қатысты. Құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, ДЭР қызметкерлері Бесқарағай, Глуховка, Канонерка және Малая Владимировка ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Департамент өкілдері ауыл тұрғындарына қаржылық алаяқтықтың ең жиі кездесетін схемаларын түсіндіріп, банк қызметтерін және интернет-ресурстарды пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салды.
«Заң караваны» акциясына қатысу халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1172332?lang=kk

Добавить комментарий