
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік пен өмір сақшыларына – мың алғыс!» атты акция өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ел тыныштығын күзетіп, халықтың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарына құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалап, алғыс білдіру. Акция барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына және медицина саласының өкілдеріне ізгі тілектер айтылып, жастар атынан алғыс хаттар табысталды.
Шараға қатысқан жастар қоғам тыныштығы мен адам өмірінің қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар алғыс айту күні – ел бірлігін нығайтатын, өзара сыйластық пен ризашылықты арттыратын ерекше мереке екенін жеткізді.
Акция аясында ерікті жастар қоғамдық орындарда тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, арнайы дайындалған құттықтау парақшаларын таратты. Бұл бастама тұрғындардың да оң ықыласына ие болды.
Мұндай тағылымды шаралар жастарды отансүйгіштікке, жауапкершілікке және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. «Қауіпсіздік пен өмір сақшыларына – мың алғыс!» атты акция – шынайы ризашылық пен құрметтің айқын көрінісі болды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1172242?lang=kk

Добавить комментарий