ӨНДІРІС ҰЖЫМЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН ҚОЛДАЙДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

Talas Investment Company ЖШС кәсіпорнының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеп, арнайы үндеу жариялады. Жамбыл облысы Талас ауданы аумағында орналасқан бұл кәсіпорын – Қазақстандағы натрий цианидін өндіретін химия өнеркәсібіндегі бірегей өндіріс орны.

Кәсіпорын ұжымы өз үндеуінде ел дамуы мен тұрақтылығы әр азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екенін атап өтті. Жаңа бастамалар мемлекетіміздің алдағы бағытын айқындап, қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті нығайтуға серпін береді деген сенім білдірді.

Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген мамандар үшін тұрақтылық пен заң үстемдігі аса маңызды. Себебі ірі өндірістің дамуы – аймақ экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді. Осы орайда кәсіпорын қызметкерлері ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауларын ашық білдіруді азаматтық парыз санайтынын жеткізді.

Ұжым мүшелері жаңа Конституция жобасы қоғамның сұранысына жауап беретін, ел бірлігін нығайтатын маңызды қадам екеніне тоқталып, барша әріптестерін белсенділік танытуға шақырды.

Осындай ірі өндіріс орны қызметкерлерінің ортақ ұстанымы – ел болашағына деген сенімнің, жауапкершіліктің және тұрақты дамуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1172244?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *