
Сапалы білім – тең мүмкіндік: Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан бала құқықтарын қорғау шаралары талқыланып еліміздің білім беру саласын дамытудың іргелі стратегиялық басымдықтары мен 2025 жылдың жетістіктері сараланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Құжат балалық шақ мәселелеріне бірыңғай көзқарас қалыптастырып, қолданыстағы шаралар мен бағдарламаларды тұтас жүйеге біріктіреді.
«Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – әрбір баланың білім алу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғалу және отбасында тәрбиелену құқықтарын қамтамасыз ететін жүйелі әрі үйлестірілген тәсілді қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді нығайтуға бағытталған. Қазақстан балалардың құқықтарын қорғауға арналған мақсатты ұлттық стратегиясы бар санаулы мемлекеттердің бірі», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-vko/press/news/details/1171424?lang=kk

Добавить комментарий