Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ҚЫЗ ЖІБЕК РӨЛІН СОМДАҒАН ДАҢҚТЫ АКТРИСА МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВА ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ
▪️Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешова Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді.
▪️Қазақ өнерінің жарық жұлдызына айналған өнер қайраткері «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен «Қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңнен тұратын AI Хакатонның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
▪️Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қазақтың Қыз Жібегін 75 жас мерейтойымен құттықтап, өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ шара барысында өнер иесіне ерекше құрмет көрсетіліп, «Конгресс Холл» өнерпаздары өнер көрсетті.
▪️Одан соң Меруерт Өтекешова кешеннің шығармашылық ұжымымен арнайы кездесіп, өнер жолындағы тәжірибесімен бөлісті.
▪️Айта кетсек, бүгін Театр және кино әртісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова 75 жасқа толып отыр. Ол 1968 жылы Алматы қаласындағы №66 мектепті тәмамдаған соң, «Қыз Жібек» киносының бас кейіпкерінің рөлін сомдауға шақырту алған. 1969-1973 жылдары қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетін, КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның класы бойынша бітірді.
▪️Бұдан кейін Мұхтар Әуезов театрының актерлік құрамында үздіксіз еңбек етіп, алғашқы рөлін Шыңғыс Айтматовтың «Құс жолы» повесі бойынша сахналанған «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман рөлі болды. Қазақ қыздарының мәңгілік ескерткішіне айналған Қыз Жібек образы арқылы кино өнерінде өзіндік із қалдырды. Сахна мен кино саласындағы сан жылдық еңбегі еленіп, «Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі» атағын, Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясын алып, «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
▪️Меруерт Өтекешова театр өнерінің жұлдызы болып қана қоймай, кино әлемінде де бірегей рөлдерімен халық көзайымына айналды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
______
В ТУРКЕСТАН ПРИЕХАЛА ПРОСЛАВЛЕННАЯ АКТРИСА МЕРУЕРТ УТЕКЕШОВА, СЫГРАВШАЯ КЫЗ ЖИБЕК
▪️Заслуженная артистка Казахстана, кавалер ордена «Құрмет» Меруерт Утекешова прибыла с официальным визитом в город Туркестан.
▪️Выдающийся деятель казахстанского искусства приняла участие в торжественной церемонии открытия двухэтапного AI-Хакатона, который проходит в рамках межрегионального форума «Финансовая безопасность в эпоху цифровизации и искусственного интеллекта» в многофункциональном комплексе «Конгресс-холл».
▪️В ходе мероприятия заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев поздравил Меруерт Утекешову с 75-летним юбилеем и зачитал поздравительный адрес от имени главы региона Нуралхана Кушерова.
▪️Меруерт Утекешова родилась в 1951 году. В 1968 году, сразу после окончания школы, она была приглашена на главную роль в легендарном фильме «Кыз Жибек», который принес ей всенародную славу. В 1973 году окончила театральный факультет Казахского государственного института искусств имени Курмангазы (класс народной артистки СССР Хадиши Букеевой).
▪️Свою творческую деятельность актриса продолжила в труппе Казахского государственного академического театра драмы имени М. Ауэзова. Ее дебютной сценической работой стала роль Алиман в спектакле «Материнское поле» по повести Чингиза Айтматова. Образ Кыз Жибек в ее исполнении стал эталоном женственности и национальным символом в истории казахстанского кинематографа.
▪️За многолетний вклад в развитие культуры и искусства Меруерт Утекешова удостоена звания заслуженной артистки Казахской ССР, является лауреатом государственной стипендии Республики Казахстан в области культуры, а также награждена орденами «Парасат» и «Құрмет».
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1169638?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *