Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ҚАНЕКЕЙ, ТІЛІМ, СӨЙЛЕШІ!» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ
Жетісай ауданында «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Қанекей, тілім, сөйлеші!» атты аудандық байқау өтті. Шараға 15-29 жас аралығындағы 15 үміткер қатысып, үш кезең бойынша бақ сынасты. Қатысушылар өздерін таныстырып, жұмбақтап айтылған шешендік сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндірді. Сонымен қатар, ағартушы Ыбырай Алтынсарин, халық ақыны Жамбыл Жабаев және лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын жатқа оқыды.
Қазылар алқасы әр қатысушының сахна мәдениетін, киім үлгісін, сөз саптау шеберлігін және ана тілге деген құрметін назарға алды. Нәтижесінде аудандағы №76 жалпы орта мектебінің оқушысы Н.Ният бас жүлдені иеленді. Жүлделі 1- орынды Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті І.Манарбекұлы жеңіп алды. Ал, 2- орын №15 колледж студенті Е.Мамырайымға бұйырса, 3- орынды Қ.Яссауи атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Ұ.Дадаева мен М.Нұрбаев атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Н.Жақыпбек бөлісті. Сондай-ақ, «Үздік өнер көрсетуші», «Үздік киім үлгісі» және «Көркемсөз оқу шебері» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1169137?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *