ҚАРАҚОҢЫРДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Ата заң — мемлекеттік басқару жүйесін, билік тармақтарының құзыретін және азаматтардың іргелі құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын басты құқықтық тірек.
Қоғамның қарқынды дамуы мен заман ағымы негізгі заңға дер кезінде түзетулер енгізуді талап ететіні заңдылық. Осы орайда, ел ертеңіне бағытталған конституциялық реформаның мән-маңызы Қарақоңыр ауыл округінде өткен басқосуда кеңінен талқыланды.
Маңызды жиынға «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы әрі аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы Ұзақов бастаған қоғамдық ұйым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Басқосу барысында жаңа Конституция жобасының мемлекеттік басқаруды жетілдіру, халық билігін нығайту және адам құқығын қорғау тетіктерін тиімді етудегі рөлі ерекше аталды.
Жиынды қорытындылаған У.Ұзақов Ата заңның тек құқықтанушы мамандар үшін емес, әрбір қазақстандық үшін ортақ құндылық екенін айта келе, Қарақоңыр жұртшылығын маңызды құжаттың мазмұнын терең ұғынып, ел болашағына саналы түрде үлес қосуға шақырды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1168787?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *