Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ МАХАМБЕТ ЕЛДІ МЕКЕНІ 24 САҒАТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
▪️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қазығұрт ауданында нақты жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Сарапхана ауыл округіне қарасты Махамбет елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің жұмысымен танысты.
▪️Ауыл тұрғындарын тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Таза су» МКК тарапынан ауыз су ұңғымасы қазылып, 367 метр тереңдіктен ауыз су көзі табылды.
▪️Махамбет ауылының ақсақалдары мен тұрғындары, осы уақытқа дейін тұрғындар ауыз су мәселесінде белгілі бір қиындықтарға тап болып келген болатын. Бұл елді мекен халқы үшін маңызды әрі көптен күткен қуанышты жаңалық болды деп, атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, ел игілігі жолындағы жүйелі қолдауы мен нақты шешімдері үшін аудан әкіміне шынайы алғыстарын білдірді.
▪️Аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына ұңғыма аумағын қоршау, су айдайтын насос орнату, 3,0 шақырым ауыз су құбырын тарту, электр желісін жүргізу, трансформатор орнату, нысанды жарықтандыру және өзге де инфрақұрылымдық жұмыстар сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
▪️Алдағы уақытта Махамбет елді мекені 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1166983?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *