Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
МАҚТААРАЛ АУДАНЫ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Мақтаарал ауданында «Дарбаза-Мақтаарал» жаңа теміржол желісінің құрылысы жүруде. Ұзындығы 152 шақырымдық темір жол құрылысының жалпы құны – 286 млрд теңге. Нысан 2026 жылдың соңында аяқталады. Бұл транзит жол арқылы жылына қосымша 10‑14 миллион тонна жүкті өткізу көзделуде. Ал, болашақта бұл көрсеткіш 20‑25 миллион тоннаға дейін артпақ. Бұл жайында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 24,6 млрд теңгені құрады. Аудан аумағында орналасқан индустриалды аймақта 5 жоба іске асырылып, жалпы 5,16 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Атап айтқанда, «ZHANASSYL» ЖШС-ң мақта өңдеу зауыты, жылдық қуаттылығы – 65 мың тонна мақта талшығын өңдеуге қауқарлы. Жалпы құны – 2,5 млрд теңге, ашылған жұмыс орны – 150 адам. «Серік бизнес құрылыс» ЖШС-ң асфальт-темірбетон өңдеу зауыты. Кәсіпорында 30 адам жұмыспен қамтылған. «BEGASH» ЖШС-ң пластикалық құбыр шығару зауыты 2026 жылдың соңында ашылады. Сонымен қатар, Жамбыл ауылдық округінде 100 гектар аумақта арнайы экономикалық аймақ құрылды. Оның 50 гектары – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өндірістік кооперация орталығына берілген. Қалған аумақта жалпы құны 185,1 млрд теңгені құрайтын 7 өндірістік жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 1 200 жаңа жұмыс ашылады деп күтілуде. Өндіріс орындарын 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асыру көзделіп отыр» – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, былтыр ауданда ауыл шаруашылығы саласында 85,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 6,3%ға жеткен. Ауданда 68 елді мекеннің бүгінгі күнде 58 ауылы 24 сағат, ал қалған 10 елді мекенге кестемен ауыз су берілуде. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында аудандағы барлық елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында өңірде былтыр 7 ауылда 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда аудандағы қанағаттанарлық жолдардың үлесі 89,6%-ды құрайды. 2026 жылы жалпы ұзындығы 45,2 шақырымдық 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Бұден өзге, өткен жылы ауданда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 37 122 шаршы метр. Биыл бұл көрсеткішті 37 530 шаршы метрден асыру жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
МАКТААРАЛЬСКИЙ РАЙОН В ЭТОМ ГОДУ БУДЕТ НА 100% ОБЕСПЕЧЕН ГАЗОМ
В Мактааральском районе ведется строительство новой железнодорожной линии “Дарбаза-Мактаарал”. Общая стоимость строительства железной дороги протяженностью 152 километра – 286 млрд тенге. Объект будет завершен в конце 2026 года. Предполагается дополнительно пропускать через этот транзит 10-14 миллионов тонн груза в год. В будущем этот показатель увеличится до 20-25 миллионов тонн. Об этом сообщил аким Мактааральского района Бахыт Асанов на брифинге с представителями СМИ.
“Объем промышленной продукции в регионе в прошлом году составил 24,6 млрд тенге. В индустриальной зоне, расположенной на территории района, реализовано 5 проектов, привлечено инвестиций на общую сумму 5,16 млрд тенге. В частности, хлопкоперерабатывающий завод ТОО “ZHANASSYL”, способный перерабатывать 65 тыс. тонн хлопкового волокна в год. Общая стоимость проекта 2,5 млрд тенге, создано 150 рабочих мест. Также асфальто-железобетонный завод ТОО “Серік бизнес құрылыс”, где трудоустроено 30 человек. Завод по производству пластиковых труб ТОО “BEGASH” откроется в конце 2026 года. Кроме того, в Жамбылском сельском округе создана специальная экономическая зона на площади 100 гектаров. Из них 50 гектаров отведены Международному центру производственной кооперации “Центральная Азия”, между Казахстаном и Узбекистаном. На остальной территории планируется реализация 7 производственных проектов на общую сумму 185,1 млрд тенге. В результате ожидается открытие 1 200 новых работ. Планируется поэтапная реализация производств до 2029 года”, – доложил глава района.
В прошлом году в сфере сельского хозяйства произведено продукции на сумму 85,7 млрд тенге, рост достиг 6,3%. В районе из 68 населенных пунктов на сегодняшний день 58 сел полностью обпеспечены питьевой водой, а остальные 10 населенных пунктов получают ее по графику. В первом квартале этого года все населенные пункты района будут обеспечены голубым топливом. Кроме того, в рамках проекта “Ауыл – Ел бесігі ” в регионе в прошлом году проведен средний ремонт 24 улиц в 7 селах. В настоящее время доля удовлетворительных дорог в районе составляет 89,6%. В 2026 году планируется средний ремонт 61 улицы общей протяженностью 45,2 км. В прошлом году в районе введено в эксплуатацию 37 122 квадратных метра жилья. В этом году этот показатель планируется увеличить с 37 530 квадратных метров.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1167038?lang=kk