Ашық есік күндері

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Балқаш қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспары бойынша Балқаш қаласының орта білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектеп сабақтастығы аясында «Ойыннан оқуға: мектепке дейінгі және мектептегі ойын технологиялары» тақырыбында «Ашық есік күндері» өтті.
Мақсаты:балалардың мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші сыныпқа біртіндеп өтуін қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларының сабақтастығын көрсету, мектепке дейінгі және бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара іс-қимылын нығайту, ата-аналарларға баланы мектепке дайындағу кеңес беру.
Іс-шараға мектепалды даярлық педагогтары, арнайы білім беру мұғалімдері, балабақша оқушылары мен бастауыш сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп мамандары мен ата-аналары қатысты.
Бағдарлама интерактивті форматта құрылып, ойын негізіндегі білім беру тәжірибесінің көрсетілімі, эксперименттер, театрландырылған қойылымдар, кітапханалық ойындар, ашық сабақтар, белсенді ойын үзілістері және ата-аналарға кеңес беруден құралды. Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құруға ерекше көңіл бөлінді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-balhash/press/news/details/1167211?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *