ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркістан облысы әкімдігі басшысының төрағалығымен өткен 2026 жылғы 09 қаңтардағы №7 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан заңсыз құрылыс нысандарын анықтау және оның алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2026 жылдың 18-20 ақпан күндері аралығында ауылдық округтерде кәсіпкерлік нысан иелерімен кездесулер өтіп, құжаттарды заңдастыру тәртібі бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында заң талаптарын сақтамай салынған бірқатар кәсіпкерлік нысандар анықталды. Меншік иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылатыны, айыппұл салынатыны жөнінде ескертілді.
Сонымен қатар, ауылдық округтердегі құжаттары заңдастырылмаған тұрғын үйлердің нақты тізімін әзірлеп, заңдастыру жұмыстарын жандандыру бойынша округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Құрметті аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер!
Құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын міндетті түрде рұқсат құжаттарын рәсімдеңіздер. Заңсыз құрылыс жүргізу – әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз.
Заң талаптарын сақтау – ортақ міндет!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1168535?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *