Корь — высокозаразная вирусная инфекция

Опубликовано:

Автор:

в категории

Вакцинация против кори — забота о здоровье сегодня и надёжная защита на будущее

Корь — это не безобидная детская болезнь, а опасная вирусная инфекция, которая может привести к тяжёлым осложнениям. Она способна вызвать воспаление лёгких, отит, поражение нервной системы и даже привести к летальному исходу. Особенно уязвимы дети, беременные женщины и люди с ослабленным иммунитетом.

Вакцинация — самый надёжный, безопасный и эффективный способ защиты от кори. Благодаря прививкам миллионы людей во всём мире избежали тяжёлых последствий заболевания, а распространение инфекции значительно сократилось.

Современные вакцины хорошо переносятся, формируют стойкий иммунитет и помогают защитить не только одного человека, но и всё общество. Это означает, что мы защищаем себя, своих детей, а также тех, кому вакцинация противопоказана по медицинским показаниям — младенцев, пожилых людей и окружающих нас людей.

Выбирая вакцинацию, мы выбираем здоровье, спокойствие и уверенность в завтрашнем дне. Пусть забота о себе и своих близких станет нашей доброй привычкой.

 

Қызылшаға қарсы вакцинация — бүгінгі денсаулыққа қамқорлық, болашаққа сенімді қорғаныс
Қызылша — зиянсыз балалар ауруы емес, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін қауіпті вирустық инфекция. Ол өкпенің қабынуына, отитке, жүйке жүйесінің зақымдалуына және тіпті өлімге соқтыруы мүмкін. Әсіресе балалар, жүкті әйелдер және иммунитеті әлсіреген адамдар аса осал топқа жатады.
Вакцинация — қызылшадан қорғанудың ең сенімді, қауіпсіз әрі тиімді жолы. Егулердің арқасында әлем бойынша миллиондаған адам аурудың ауыр салдарынан аман қалып, індеттің таралуы айтарлықтай азайды.
Қазіргі заманғы вакциналар жақсы қабылданады, тұрақты иммунитет қалыптастырады және тек бір адамды ғана емес, тұтас қоғамды қорғауға көмектеседі. Бұл — біз өзімізді, балаларымызды және медициналық көрсетілімдер бойынша екпе салдыруға болмайтын сәбилерді, қарттарды, айналамыздағы жандарды да қорғап отырмыз деген сөз.
Вакцинацияны таңдау — денсаулықты, тыныштықты және ертеңгі күнге деген сенімділікті таңдау. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болу жақсы әдетімізге айналсын

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-lepsi/press/news/details/1164997?lang=ru