АУДАНДА СПАРТАКИАДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАУ АЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

АУДАНДА СПАРТАКИАДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін ауданда қазақ халқының даңқты балуаны, әлемдік деңгейде танылған спорт қайраткері, ұлттық спорт тарихында өшпес із қалдырған *Қажымұқан Мұңайтпасов*тың туғанына 155 жыл толуына орай спорттың 11 түрінен аудандық спартакиада салтанатты түрде бастау алды.

Ауқымды спорттық іс-шараға аудан аумағындағы барлық ауыл округтері қатысуда. Спартакиаданың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты кеңінен дамыту, тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына баулу, спорттық рухты нығайту, сондай-ақ жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру және олардың қабілеттерін шыңдау болып табылады.

Спартакиаданың алғашқы жарыстары ауылдық округтердің жастары арасында шағын футбол спорт түрінен өтті. Жарысқа әр ауылдық округтен жасақталған командалар қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, тартысты әрі әсерлі ойын өрнегін ұсынды. Командалар арасында өзара бәсекелестік жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы қатысып, жарыстың ресми ашылуымен құттықтады. Құттықтау сөзінде ол ұлттық және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, мұндай ауқымды спорттық іс-шаралардың жастар тәрбиесінде, олардың бойында патриоттық рух пен табандылықты қалыптастыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың әділ, тартысты әрі жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді.

Айта кету керек, спартакиада аясында алдағы күндері спорттың өзге де түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, аудан спортшылары өзара бақ сынап, мықтыны анықтайтын болады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталады.

Аудан тұрғындарын өткізіліп жатқан спорттық жарыстарды тамашалауға, бұқаралық спортты қолдауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1163094?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *