Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағы қоршалып, аумаққа кіру 2026 жылдың 15 ақпанынан бастап, арнайы қойылған турникеттер арқылы жүзеге асырылады.
Бұл аса маңызды істің мақсаты – бүкіл түркі әлемінің рухани ордасы, мемлекетіміздің мақтанышы, ұлт руханиятының ұстыны саналатын киелі кесененің сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру және террористік сипаттағы ықтималды төмендету, сонымен қатар, келушілер қозғалысын реттеп, аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейту.
Келушілер жеке құжаттарын көрсетіп, билет алып, қауіпсіздік құралдарымен тексерілген соң ғана кесене аумағына кіре алады.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1163012?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *