«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысы Сарыағаш қаласы аумағында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында орталық көшелер мен орталық алаңда кезекті рет кешенді тазалық шаралары ұйымдастырылды. Аталған жұмыстарды «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. Тазалық науқанына 3 арнайы техника тартылып, 30-дан астам қызметкер жұмылдырылды. Нәтижесінде көше бойлары мен ішкі көшелердегі арық-атыздар қоқыстан тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.
Сонымен қатар ағаш бұтақтарын кесу, жаяу жүргіншілер жолын тазарту, көше бойларын абаттандыру, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық орындарда санитарлық тазалыққа ерекше көңіл бөлініп, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде түсіндіру шаралары да қолға алынған.
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірде тазалық мәдениетін қалыптастыру және тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті орта құру жұмыстары күшейтілмек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————–
«ТАЗА КАЗАХСТАН»: В САРЫАГАШЕ НЕПРЕРЫВНО ВЕДУТСЯ РАБОТЫ ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ
На территории города Сарыагаша Туркестанской области на системной основе ведутся работы по санитарной очистке и благоустройству. В целях улучшения облика города на центральных улицах и главной площади прошел очередной субботник. Работы выполняет коммунальное государственное учреждение «Таза қала». В кампании по очистке были задействованы три единицы спецтехники и более 30 сотрудников. В результате придорожные территории и арычные системы внутренних улиц были очищены от мусора, а собранные твердые бытовые отходы вывезены на специальные полигоны.
Параллельно ведутся работы по обрезке деревьев, очистке тротуаров, благоустройству обочин дорог, приведению в порядок цветников и парковых зон. Особое внимание уделяется чистоте в общественных местах, также проводятся разъяснительные беседы с жителями о важности бережного отношения к окружающей среде.
Реализация программы «Таза Қазақстан» в Туркестанской области будет продолжена и в дальнейшем. Работа по формированию культуры чистоты и созданию комфортной, эстетичной среды для населения находится на постоянном контроле.
Добавить комментарий