
2026 жылғы 13 ақпанда Шардара қаласындағы Спорт кешенінде волейболдан мектеп оқушылары арасындағы Шардара ауданының ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті.
Аталған спорттық шара Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 37 жыл, сондай-ақ Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстан Қазақстан жауынгерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға аудан спортшылары, жаттықтырушылар, білім беру ұйымдарының өкілдері мен спорт сүйер қауым қатысты. Ашылу рәсімінде жас ұрпақты отансүйгіштікке, батылдық пен бірлікке тәрбиелеудегі спорттың маңызы атап өтілді.
Волейбол – төзімділік пен ұйымшылдықты талап ететін спорт түрі. Бүгінде бұл спорт елімізде қарқынды дамып, қазақстандық спортшылар әлемдік және құрлықтық жарыстарда көк Туымызды биікке көтеріп келеді. Осы жарыс та болашақ чемпиондардың қалыптасуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.
Турнирдің ашылу салтанатында алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Теребеков Бейсенбай Тасболатұлына берілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, қатысушыларға сәттілік тілектері айтылды.
Іс-шара соңында барлық командаларға әділ бәсеке мен жоғары нәтижелер көрсетулеріне сенім білдірілді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1161881?lang=kk

Добавить комментарий