ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара су қоймасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нысанның бүгінгі жағдайымен танысты.
Кездесу барысында «ҚазСуШар» РМК Шардара аудандық бөлімі басшысының орынбасары Абай Мүтәлиев су қоймасының қазіргі ахуалын баяндады. Қазақстандағы ірі гидротехникалық нысандардың бірі Шардара су қоймасының сыйымдылығы 5,2 млрд м³.
Бүгінгі су кірісі 641 м³/с болса, шығысы 300 м³/с құрайды. Бүгінгі таңда су қоймасындағы жиналған су көлемі – 4,4 млрд м³ (84,6%).
Сонымен қатар, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Абай Сәтбаев су қоймасының қауіпсіздігінің тұрақты бақылауда екендігін жеткізді.
Аудан әкімі Арман Романұлы сала мамандарына су қоймасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауда ұстауды тапсырды.
Су қоймасындағы су деңгейі мен су өткізу жұмыстары аудан әкімінің тұрақты бақылауында.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1161873?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *