Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУА ЖЫЛЫЖАЙДАН ЖЫЛЫНА 100 ТОННА ӨНІМ АЛЫП ОТЫР
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Жемісті елді мекенінде орналасқан «Түймебай» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында шаруашылықтың өндірістік әлеуеті мен атқарылып жатқан жұмыстары бойынша ақпарат беріліп, шаруаның еңбегіне оң баға берілді.
Аталған шаруа қожалығының иесі – Бахтияр Қарабаев. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі – 2 гектар. Оның ішінде 80 соттық аумақта жылыжай орналасқан. Бүгінде 40 соттық жерге қызанақ, 40 соттық жерге қияр егілген. Нәтижесінде қызанақ алқабынан 65 тонна өнім жиналса, қиярдан 35 тонна өнім алынған. Кәсіпкер заманауи агротехнологияларды тиімді пайдалану арқылы өнім көлемін арттырып, сапалы көкөніс өнімдерін ішкі нарыққа ұсынуда. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізіп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1160843?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *