Әлеуметтік жеңілдіктері бар дәріханалар өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Әлеуметтік дәріханалар мәселесі талқыланды
Департаментпен 09.02.2026 жылы өңір тұрғындарын, әсіресе әлеуметтік осал топтарды қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жеңілдіктері бар дәріханалар өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында әлеуметтік дәріханалардың жұмыс тәжірибесі, дәрілік заттарға қолданылатын сауда үстемесінің мөлшері, әлеуметтік ассортиментті қалыптастыру мәселелері және халыққа қолайлы баға ұсыну тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, облыс аумағында әлеуметтік дәріхана ашу үшін қойылатын талаптар, қажетті ұйымдастырушылық және құқықтық шарттар бойынша сұрақтар қойылды.

Тараптар әлеуметтік бағыттағы дәріханалардың халық үшін маңыздылығын атап өтіп, дәрі-дәрмек бағасының қолжетімділігін арттыру бағытындағы өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.

Аталған бағыттағы жұмыстар өңір тұрғындарының дәрі-дәрмекке қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1158427?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *