
«ШАРДАРА АРМСПОРТ» СПОРТ КЛУБЫНА 25 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Биыл «Шардара Армспорт» спорт клубының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Бүгінде дүниежүзі бойынша ең мықты деп танылған клубта 500-ге жуық спортшы тұрақты түрде спортпен айналысады. Оларға 32 білікті жаттықтырушы тәлім-тәрбие беріп, кәсіби деңгейде дайындайды. Онда қол күреспен қатар гір көтеру, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ, семсерлесу, найза лақтыру, ядро лақтыру, таэквондо, бокс, пауэрлифтинг сынды бірнеше спорт үйірмелері жұмыс істейді. Клубта 8 жастан бастап ақысыз түрде кез келген адам спортпен айналыса алады. Сонымен қатар, онда жаттығатын балалар үшін тасмалдаушы автобустар қарастырылған.
2001–2025 жылдар аралығында Шардара ауданынан шыққан армрестлинг спортшылары халықаралық және республикалық ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 120 Әлем чемпионы, 119 Әлем чемпионатының жүлдегерлері, 87 Әлем кубогының иегері, 5 Әлемдік «Комбат» ойынының чемпионы бар. Сонымен қатар, 351 Азия чемпионы, 284 Азия чемпионатының жүлдегерлері, 97 Азия кубогының иегері, 555 ҚР чемпионы, 706 ҚР чемпионатының жүлдегерлері мен 85 Халықаралық турнир жеңімпаздары шыққан. Одан бөлек, клубта халықаралық дәрежедегі 70 спорт шебері, 130 ҚР спорт шебері, 583 ҚР спорт шеберлігіне үміткер, 4 «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» және 2 «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» дайындалған. Аталған спорт клубының негізін қалаушы – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Шардара ауданының Құрметті азаматы Арман Қарсыбаев.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
СПОРТИВНОМУ КЛУБУ “ШАРДАРА АРМСПОРТ” ИСПОЛНИЛОСЬ 25 ЛЕТ
В этом году спортивному клубу «Шардара Армспорт» исполнилось 25 лет. Сегодня в клубе, признанном сильнейшим в мире, регулярно занимаются около 500 спортсменов. Их обучают и профессионально готовят 32 квалифицированных тренера. Наряду с рукопашной борьбой работают несколько спортивных кружков: гиревой спорт, дзюдо, тяжелая атлетика, каратэ, фехтование, метание копья, метание ядра, тхэквондо, бокс, пауэрлифтинг. В клубе с 8 лет бесплатно заниматься спортом может любой желающий. Кроме того, для тренирующихся детей предусмотрены перевозочные автобусы.
С 2001 по 2025 годы спортсмены армрестлинга из Шардаринского района добились высоких результатов на международной и республиканской аренах. В частности, 120 чемпионов мира, 119 призеров чемпионата мира, 87 обладателей Кубка мира, 5 чемпионов мировой игры “Комбат”. Кроме того, клуб выпустил 351 чемпиона Азии, 284 призеров чемпионата Азии, 97 обладателей Кубка Азии, 555 чемпионов РК, 706 призеров чемпионата РК и 85 победителей международных турниров. Также, в клубе подготовлены 70 мастеров спорта международного класса, 130 мастеров спорта РК, 583 кандидата в мастера спорта РК, 4 “Заслуженных тренеров Казахстана” и 2 “Заслуженных мастеров спорта РК”. Основателем данного спортивного клуба является мастер спорта международного класса, заслуженный тренер Республики Казахстан, “Почетный гражданин Шардаринского района” Арман Карсыбаев.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1158132?lang=kk

Добавить комментарий