
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 09 ақпан күні қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл толуына орай «Мұқағали- сырлы әлем» атты поэтикалық марафон өтті. Ақынның өлең жолдарын оқып, өмір жолымен шығармашылығына шолу жасалды. Сондай-ақ, ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, өлеңге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1158100?lang=kk

Добавить комментарий