Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының азаматы 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады.
👨⚖️ Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінуде.
Күдікті 5 жыл бойы «Instagram» әлеуметтік желісінде, «qais_arr» атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ «Telegram»-дағы «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.
Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.
🔴 Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.
Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.
🔨 Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.
📍 Егер Сізге іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
+7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.
📞 Call-center: 1458
Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/90uLk4MAcODRvw
_____
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
🏦 Агентством по финансовому мониторингу объявлен в международный розыск:
➡️ Қамза Қайсар Бақытжанұлы, 18 сентября 1995 года рождения, гражданин Республики Казахстан.
👨⚖️ Судом в отношении него санкционирована мера пресечения в виде «содержание под стражей».
Он подозревается в пособничестве в незаконной игорной деятельности.
На протяжении 5 лет подозреваемый вел активную блогерскую деятельность в «Instagram» под наименованием «qais_arr» (2,4 млн подписчиков), а также администрировал закрытый канал «Қора энтертейнмэнт» в «Telegram» (368 тыс).
Используя личные аккаунты в социальных сетях, Қамза Қ.Б. систематически размещал видеоматериалы и публикации, содержащие прямые ссылки, графические элементы и призывы к регистрации и участию в азартных играх на сайте «Pinco» для граждан Казахстана. Дополнительно под видеороликами размещался его персональный промокод, предоставляющий пользователям бонусы.
🔴 Таким образом, Қамза Қ.Б. осуществлял рекламу онлайн-платформы, направленную на привлечение граждан к участию в азартных играх, что позволяло ему получать доход в виде вознаграждений, бонусов либо процентных отчислений от игровой платформы.
Для сокрытия незаконных доходов подозреваемый использовал криптокошелёк, на который от организаторов интернет-казино «Pinco» поступали платежи.
🔨 С санкции суда на криптоактивы – 182 736,741 USDT – наложен арест.
📍 Если Вам стала известна какая-либо информация о местонахождении разыскиваемого лица, просим сообщить в Агентство по финансовому мониторингу по телефонам:
+ 7 7172 70 84 78 – дежурная часть
📞 Call-center: 1458
Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/90uLk4MAcODRvw
_____
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1157642?lang=ru

Добавить комментарий