«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы және М.Мақатаев оқулары

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ағым жылының 30 қаңтарында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының және «М.Мақатаев оқулары» байқауының  аудандық кезеңі Ақан-Барақ орта мектебінде өткізілді. 7-11 сынып оқушылары арасында барлығы 104 қатысушы болды.

Жарқын болашақ олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11 сынып оқушылары қатысты. Бес бағыт бойынша өткізілді:

  1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
  2. «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
  3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
  4. «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
  5. «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

М.Мақатаев оқулары 3 номинация бойынша өткізілді: «Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…», «Дариға, домбырамды берші маған».

Оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.

І дәрежелі дипломға ие болған оқушылар облысқа жолдама алды.

 

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1157311?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *