Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНДЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ТҰРАҚТЫ ӨТКІЗІЛІП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА
▪️Түркістан облысы тұрғындарын жеке қабылдау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Облыс әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімі тарапынан азаматтарды жеке қабылдау тізіміне, көтерілген мәселелер мен қабылдау барысында берілген тапсырмалардың орындалуына талдау жұмыстары жүргізілді.
▪️2025 жылдың басынан облыс әкімі аппараты басшылығының жеке қабылдауына жазылуға 1 091 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері жүгінген. Жеке қабылдауға жазылған азаматарға 78 қабылдау ұйымдастырылып, 737 азаматтың өтініштері тыңдалды. Атап айтқанда, облыс әкімі 26 қабылдау өткізіп, 305 азаматты қабылдады. Ал облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы 52 қабылдау өткізіп, 432 азаматтың талап-тілектерін тыңдады.
▪️Жеке қабылдауда болған азаматтар тарапынан түрлі салаларға қатысты 900-ға жуық өтініш пен ұсыныс-пікірлер айтылды. Өтініш иелері тұрғын үй алу, инфрақұрылым, білім, жер даулары, жұмыспен қамтамасыз ету салаларына қатысты мәселелерді жиі көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үй саласы – 122, білім саласы – 89, инфрақұрылым саласы – 72, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек саласы – 59, жер қатынастары саласы – 56, денсаулық сақтау саласы – 38, мәдениет және спорт саласы – 34 және ауыл шаруашылығы саласына қатысты 28 мәселе көтерілген. Осы ретте, тиісті мемлекеттік органдардың тарапынан оперативті түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ оң шешімін табу нәтижесінде 336 азамат қабылдауға кіруден бас тартты. Қазіргі таңда 2025 жылы жеке қабылдауға жазылған азаматтардың барлығы қабылданды. 2026 жылға жеке қабылдануға кіретін азаматтар тізімі жасақталуда.
▪️Жеке қабылдауының қорытындысымен түзілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жауапты мекемелерге берілген 431 тапсырманың 345 тапсырмасы орындалса, қалған тапсырмалар орындалу үстінде.
▪️Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарларының қабылдау қорытындысымен 249 тапсырма беріліп, орындауға жолданған. Тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалуда. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы Түркістан облысы әкімінің қатаң бақылауына алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———————–
ХОД РЕШЕНИЯ ВОПРОСОВ, ПОДНЯТЫХ НАСЕЛЕНИЕМ, НАХОДИТСЯ ПОД СТРОГИМ КОНТРОЛЕМ
В Туркестанской области на регулярной основе проводится работа по личным приемам граждан. Отделом контроля за рассмотрением обращений аппарата акима области проведен анализ списков записавшихся на прием, содержания поднятых вопросов и исполнения поручений, данных в ходе встреч.
С начала 2025 года за записью на личный прием к руководству аппарата акима области обратился 1091 представитель физических и юридических лиц. Было организовано 78 приемов, в ходе которых выслушаны обращения 737 граждан. В частности, аким области провел 26 приемов, приняв 305 человек, заместители акима и руководитель аппарата провели 52 приема, выслушав просьбы и пожелания 432 граждан.
Граждане, побывавшие на личных приемах, озвучили около 900 обращений и предложений в различных сферах. Наиболее часто поднимались вопросы жилья, инфраструктуры, образования, земельных споров и трудоустройства. Статистика по ключевым сферам таков: жилье – 122 обращения, образование – 89, инфраструктура – 72, занятость и социальная помощь – 59, земельные отношения – 56, здравоохранение – 38, культура и спорт – 34, сельское хозяйство – 28.
Благодаря оперативной разъяснительной работе и положительному решению вопросов на местах, 336 граждан отозвали свои заявки на прием. На текущий момент все граждане, записавшиеся в 2025 году, были приняты. Ведется формирование графика приемов на 2026 год.
Также проведен мониторинг исполнения протокольных поручений по итогам приемов. Из 431 поручения, данных профильным ведомствам, 345 уже исполнены, остальные находятся в процессе реализации. Кроме того, по итогам приемов заместителей акима к исполнению направлено 249 поручений, которые реализуются поэтапно. Исполнение протокольных поручений находится на строгом контроле акима Туркестанской области.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1156590?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *