
Бортты ҚР ТЖМ “Қазавиақұтқару” тәжірибелі ұшқыштары Сергей Пинигин, Азамат Қабден басқарды. Олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан Өскеменге шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болашақ ананы тікұшақпен тасымалдады.
Экипаж бен медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтіп, 1990 ж.т. науқас ауруханаға аман-есен жеткізілді.
ТЖМ ұшқыштарының жұмысы қысқа мерзімде өмірді құтқаруды қамтамасыз ете отырып, жедел жәрдем жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1155955?lang=kk

Добавить комментарий