Іле ауданында үшжақты комиссияның аумақтық отырысы өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Іле ауданында еңбек қатынастары, цифрландыру, электрондық еңбек шарттарын енгізу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, жалақы бойынша берешектің алдын алу және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша үшжақты комиссияның аумақтық отырысы өтті.

Іс-шара барысында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған цифрландыру бағыты, Enbek.kz ақпараттық жүйесіне еңбек қатынастары туралы мәліметтерді міндетті түрде енгізу талаптары және еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды күшейту, міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және «Vision Zero» тұжырымдамасын енгізу бағытындағы жұмыстар талқыланды. Жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау және қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігі ескертілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1155079?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *