
Премьер-министр: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президенттің экономика салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ғылым мен нақты сектор кооперациясын нығайту, сондай-ақ ғалымдарды қолдау шаралары талқыланды.
Жиынды ашқан Премьер-министр жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Құжатта қоғамда болып жатқан жоспарлы саяси және экономикалық өзгерістер көрсетіліп, ел дамуының жаңа бағдарлары, оның ішінде білім, ғылым және инновация саласындағы басымдықтар белгіленгені атап өтілді.
«Ата Заңның жаңа жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат. Онда адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Біз Конституция жобасында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Заң мен тәртіп” жаппай үстемдік құрған, “Әділетті әрі таза Қазақстанды құру” идеясы халықтың кең қолдауына ие болғанын көріп отырмыз. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясы басты орынға қойылады. “Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” тұжырымдамасы саяси жүйенің тұрақтылығы мен сабақтастығын орнықтыра түседі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1153316?lang=kk

Добавить комментарий