ШАРДАРА: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Шардара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес, аудан шаруаларын қолдау және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын зерделеу мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті.
 
Жиынға Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ф.Байдуллаев, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Ж.Бакашбаев, су үнемдеу технологияларын енгізуші «BNK Group», «KAZ KIOTI» ЖШС компанияларының өкілдері, облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандары, ауыл әкімдері мен шаруалар қатысты.
 
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешов жүргізіп, алғашқы сөзді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ф.Байдуллаевқа берді. Өз сөзінде басқарма басшысы су үнемдеу технологияларын енгізудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы 2026 жылға арналған жоспарлармен таныстырды.
 
Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының су ресурстары бөлімінің басшысы Н.Мәмет су үнемдеу технологияларын енгізу кезінде қарастырылатын жеңілдіктер мен қолдау тетіктері туралы баяндама жасады.
 
Баяндама барысында трансшекаралық аймақтарға жататын Шардара, Мақтарал және Жетісай аудандарында 10 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланғаны айтылды. Осы мақсатта Шардара ауданына 12 млрд теңге көлемінде субсидия қарастырылған.
 
Кеңесте шаруаларды біріктіру, су үнемдеу технологиясын енгізу сапасын арттыру, жүгері дақылын өсіру және жүгері өңдеу зауытымен келісімшарт орнату, компаниялар арасындағы бәсекелестікті күшейту, ағын су төлемақысын цифрландыру, субсидияға электрондық өтінім беру, сондай-ақ Жаушықұм массивінде скважина қазу мәселелері талқыланды.
 
Жиын соңында шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар тыңдалды.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1093187?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *