Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ШАРДАРАДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ» САЙЫСЫ ӨТТІ
Шардара қаласындағы Орталық стадионда Республика күніне орай «Ұлы дала ойындары» атты аудандық сайыс өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық рухты дәріптейтін сайыстардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Құрметті ардагер» мерекелік медалін табыстады. Сонымен қатар, аудан басшысы робототехника, ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалады. Ұлттық дәстүрдің бір көрінісі – тұсаукесер рәсіміне қатысып, жас сәбидің тұсауын кесіп, ақ жол тіледі.
Сайысқа 14-35 жас аралығындағы ауыл жастары қатысып, ұлдар арасында — садақ ату, қой жүнін қырқу, тас көтеру, ләңгі тебу секілді жарыстар ұйымдастырылды. Ал, қыздар арасында — табаға нан жабу, құрт жасау, күбі пісу сынды ұлттық жарыс түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды – Жаушықұм ауылдық округі, ІІ орынды – Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, ал ІІІ орынды – Қоссейіт ауылдық округі иеленді. Жеңімпаз командаларға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В ШАРДАРЕ ПРОШЕЛ КОНКУРС “ИГРЫ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ”, ПОСВЯЩЕННЫЙ ДНЮ РЕСПУБЛИКИ
На Центральном стадионе города Шардара прошел районный конкурс «Игры Великой степи», посвященный Дню Республики. Цель мероприятия – популяризация среди молодежи национальных игр, традиций, обычаев казахского народа, повышение любви молодого поколения к родной стране, земле.
В ходе торжественного мероприятия аким района Арман Карсыбаев пожелал участникам удачи и отметил важность конкурсов, посвященных национальному духу. Также ряд граждан, внесших вклад в социально-экономическое развитие района, были награждены юбилейной медалью «Құрметті ардагер». Кроме того, глава района посетил выставку робототехники, национальных поделок. Один из проявлений национальной традиции – участие в презентации, презентация юного ребенка, пожелание доброго пути.
В конкурсе приняли участие сельская молодежь в возрасте от 14 до 35 лет, среди юношей были организованы такие соревнования, как стрельба из лука, стрижка овец, лянге. А среди девушек – соревнования по национальным видам соревнований: печение табанан, изготовление курта, взбитию молока.
По итогам конкурса І место занял сельский округ Жаушыкум, ІІ место – сельский округ К.Турысбекова, а ІІІ место – сельский округ Коссеит. Команды-победители были награждены благодарственными письмами и денежными призами.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1091475?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *