Есіл ауданының Еңбек ауылында 50 орындық жаңа бастауыш мектеп ашылды

Опубликовано:

Автор:

в категории

.📍Есіл ауданының Еңбек ауылында 50 орындық жаңа бастауыш мектеп ашылды. Бұған дейін ауыл балалары бастауыш білім алу үшін күн сайын көршілес елді мекендерге қатынайтын. Енді бұл мәселе шешілді. Мектеп жергілікті кәсіпкер, «Бай Еңбек» ЖШС басшысы Қайырбек Қожасовтың жеке қаражаты есебінен салынды. Жобаның жалпы құны 350 миллион теңгені құрады. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен туған ауылдың дамуына қосқан үлесінің жарқын үлгісі.

🔹Мальцево ауылында ұялы байланыс үшін байланыс мұнарасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба жергілікті кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен іске асуда.
Бүгінде облыс бойынша 12 елді мекенде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолдауымен мобильді байланыс қамтамасыз етілді. Бұл – ауыл тұрғындарының цифрлық қолжетімділігін арттырып, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

🔹Сондай-ақ Покровка – Ильинка – Мектеп ауылдарын жалғайтын автожолдың 7 шақырымдық учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аталған учаскенің 4-шақырымында орналасқан автокөлік көпірі апатты жағдайда болған, бұл көлік қозғалысының қауіпсіздігін қиындататын. Осыған байланысты жаңа көпір салу туралы шешім қабылданды. Ағымдағы жылдың соңына дейін көпір арқылы уақытша қозғалысты ашу жоспарлануда. Жобаның толық аяқталуы келесі жылға жоспарланған.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-kyrymbet/press/news/details/1090173?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *