ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемисов Дәулет Бекбашұлы Шардара ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
 
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудан прокуроры Алмас Әлі, аудандық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы, сондай-ақ дербес бөлім басшылары қатысты.
 
Кездесу барысында аудан аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, әлімжеттік, суицид және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, жиында аудандағы ауыз су, ағын су және кәріз жүйелерінің жай-күйі мен осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жайы қаралды.
 
Дәулет Бекбашұлы соңғы уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлеріне қатысты бопсалау мен қорқыту фактілерінің жиілеп кеткенін атап өтіп, бұл мәселелерге бейжай қарамауға шақырды. Сондай-ақ, билік пен халық арасындағы өзара сенімді бұзуға бағытталған арандатушылық әрекеттерге қарсы бірлесіп күресу қажеттігін айтты.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1082422?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *