2025 жылғы 26 тамызда Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті қалалық әдістемелік бірлестік жетекшілерімен бірлесіп жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тамыз кеңесі аясында қалалық секциялық отырыстар өткізді.

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылғы 26 тамызда Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті қалалық әдістемелік бірлестік жетекшілерімен бірлесіп жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тамыз кеңесі аясында қалалық секциялық отырыстар өткізді.
Отырыс аясында жалпы білім беретін мектептердің педагогтері пәндер бойынша шеберлік сыныптарын өткізді, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселелері, оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша қалалық әдістемелік бірлестіктердің жаңа 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары қаралды.
Секциялық отырыс соңында мұғалімдер пікір алмасты, кері байланыс берді, қаралған мәселелер мазмұнының маңыздылығын, өткізілген презентациялардың, шеберлік сыныптардың маңыздылығын атап өтті.
Секциялық отырыстарға барлығы 316 педагог қатысты.
Педагогтерді жаңа 2025–2026 оқу жылымен құттықтап, зор табыстар тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1059437?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *