АРНАЙЫ ТЕХНИКА ӨЗ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТУДЕ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Отырар ауданы «Жұмысшы мамандықтар жылы» мен «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында коммуналдық салаға тың серпін берді. Осы ретте ауыл округтерінің тазалық жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында ауданға жаңа арнайы техникалар жеткізілген болатын.

Облыстық бюджет есебінен жүзеге асқан бұл бастама аясында “Отырар-2050” тазалық мекемесі 10 дана МТЗ-920 Беларус тракторымен, 2 дана СДЛГ жүктиегіш тракторымен, 1 дана Furukawa экскаватор тиегішімен және 2 дана трицикл мототехникасымен толықты. Әрбір ауылдық округке қажетті техника үлестіріліп, жұмысшылардың қолына тапсырылды.

Бұл техникалар бірден өз міндетіне кірісті. Соның айқын дәлелі – Темір ауылындағы жалпы көлемі 8 гектар болатын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының толықтай тазалануы. Бұған дейін бұл полигонға бірнеше ауыл округінен күл-қоқыс әкелініп төгілетін. Жылдар бойы жиналған қалдықтар көлемі техниканың тапшылығынан азаймай, керісінше, артып отырған еді. Мұндай жағдай тек ауыл тұрғындарына ғана емес, қоршаған ортаға да зиянын тигізіп келген.

Жаңа техника көшелерді абаттандыру, қоқыс тасымалдау, жол жиегін күтіп ұстау сияқты жұмыстарды да жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл – аймақ экологиясын жақсартудың және ауылдардың санитарлық жағдайын көтерудің маңызды қадамы.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы бұл игі іс жергілікті еңбек адамдарының жұмысын жеңілдетіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Ең бастысы – бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан қоқыс полигоны мәселесі толықтай шешімін тапты.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1056012?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *