
Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі О.Жубатова Қаражал қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.
О.Амантайқызы өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы туралы айтып, “мүдделер қақтығысы” ұғымына егжей-тегжейлі түсініктеме берді және жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы міндетті түрде хабарлау туралы еске салып, видео көрсетті.
Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау үшін мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-ulytau/press/news/details/1055050?lang=kk
Добавить комментарий