Жетісу облысының әскери жиындарының бірінші кезеңі аяқталды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жетісу облысы мен аумақтық қорғаныс бригадасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі  іс – шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылдың 5 тамызында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 99285 әскери бөлім Республикалық мемлекеттік мекемесімен басталған арнайытактикалық оқу-жаттығудың бірінші кезеңі аяқталды.

Оқу-жаттығу барысында объектіні күзету және қорғау бойынша оқужауынгерлік тапсырманы орындау бойынша тактикалық тәсілдер пысықталды . Аумағында өткізілетін тактикалықарнайы оқу-жаттығуға Сарқан ауданы ағымдағы жылдың 5-15 тамыз аралығында аумақтық қорғаныс бригадасының 91 әскери міндеттілері (12) офицерлер, 15 сержанттар, 64 запастағы сарбаздар жұмылдырылды.

Жалпы жиындар әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің деңгейін арттыруға, ерекше кезеңде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды өрістету үшін қажетті әскери оқыту резервін дайындауға және запаста жинақтауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, әскери міндеттілер үшін әскери жиындар кезінде жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады. Сонымен қатар, олар орташа айлық жалақыны мемлекет есебінен алады, ал жұмыс істемейтіндер ең төменгі жалақы алады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-mobil/press/news/details/1052696?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *