Әлеуметтік сауықтыру орталығында ұлттық құндылықтар тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы «Қасиет» әлеуметтік сауықтыру орталығы мекеме қызметкерлеріне ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Бәйдібек ауданы білім бөлімінің қызметкерлері мен психолог мамандары, аудандық ақпараттық насихаттық топ мүшелері қатысты.
Жиын барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тіл мен ділдің маңыздылығы туралы кеңінен сөз қозғалды.
Спикерлер ұлттық құндылықтар – мемлекеттіліктің негізі екенін атап өтіп, жастарды рухани тәрбие мен ұлттық сананы нығайтуға шақырды және дәстүрлі өнер үлгілері көрсетілді.
Спикерлер өз сөзінде – «Құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұлттың бірегейлігін сақтап тұрады. Олар ұлттық сананы сақтауға, бөтен идеологияға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Дамыған елдер өз ұлттық болмысын жоғалтпай, өркениетке ілесіп отыр. Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың кепілі.
Әдет ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан руға, ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді», – деп атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан нақты әрі тұшымды жауаптар берілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, сенімді түрде кеңес алуға болатын орталықтардың байланыс деректері ұсынылды.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1050832?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *