
Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл О.Жубатованың төрағалығымен Департамент пен аумақтық басқарма мамандарына арналған семинар өтті.
Семинар барысында О.Жубатова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен Әдеп кодексінің сақталуы туралы еске салды. Сонымен қатар Кәсіпкерлік Кодексінің 154-бабына сәйкес қадағалау органдары профилактикалық бақылауды белгіленген тәртіп негізінде және қатаң жүргізуге міндетті екенін атап айтты.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-ulytau/press/news/details/1037509?lang=kk

Добавить комментарий