
2025 жылы Шардара ауданында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 603,06 шақырымды құрайды. Оның ішінде:
• Облыстық маңызы бар жолдар – 165,0 шақырым,
• Аудандық маңызы бар жолдар – 58,23 шақырым,
• Елді мекен көшелері мен ішкі шаруашылық жолдар – 379,83 шақырым.
________________________________________
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР
Аталған бағдарлама шеңберінде облыстық бюджеттен 528,2 млн теңге бөлініп, ұзындығы 12,6 шақырымды құрайтын 15 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөнделген көшелер:
• Қ.Тұрысбеков ауылдық округі – 10 көше (Я.Мырзабаев, Т.Кенесариев, Абай, Ақшағала, Ғ.Мұратбаев, Еңбекші, С.Сейфуллин, А.Әлімбетов, С.Шорабеков және Шардара елді мекеніндегі көшелер) – 10,6 шақырым;
• Алатау батыр ауылдық округі, Қазақстан ауылы – 5 көше (Атамекен, Ынтымақ, Алмалы, Парасат, Самал) – 1,99 шақырым.
Жұмыстарды «Строительная компания Строймонтаж» ЖШС атқарса, техникалық қадағалаушы – «Bereke Ekspert» ЖШС. Қазіргі таңда нысандарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, құны 483,0 млн теңгені құрайтын Жаушықұм–Қалғансыр бағытындағы 8 шақырымдық аудандық жол орташа жөндеуден өткізіледі. Бұл бағыт бойынша 100,0 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер ретінде «Строительная компания Строймонтаж» ЖШС анықталды. Жоба 2026 жылға өтпелі.
________________________________________
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
2025 жылы жергілікті бюджеттен жалпы құны 390,6 млн теңгені құрайтын, ұзындығы 9,4 шақырымды құрайтын Шардара қаласындағы 12 көшеге орташа жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан – 2026 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, қаладағы ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын №26 көше мен демалыс аймағына баратын жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны – 106,7 млн теңге. Мердігер мекеме – «Асем-Жарық» ЖШС.
Шардара қаласы көшелерін күтіп-ұстауға 35,0 млн теңге бөлініп, негізгі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
________________________________________
ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР
2024–2025 жылдарға арналған әлеуметтік маңызы бар қалаішілік және ауданішілік бағыттарды субсидиялау мақсатында жергілікті бюджеттен 49,22 млн теңге бөлінді. Қызмет көрсетілетін бағыттар:
• Қалаішілік – «Қала-1», «Қала-2», «Қала-3»;
• Ауданішілік – «Шардара–Достық–Шардара», «Көксу–Шардара–Көксу».
2025 жылдың мамыр айында жолаушылар көлігін жаңарту толығымен жүзеге асырылып, ескі 13 автокөлік жаңадан шыққан 2025 жылғы «Газель» маркалы шағын автобустармен толық ауыстырылды. Қоғамдық көлікті жаңарту 100 пайыз орындалды.
________________________________________
Шардара ауданында көлік және жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы жобалар алдағы уақытта да аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және өңірлік дамуға серпін беруге бағытталады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1036913?lang=kk

Добавить комментарий