ШАРДАРА: БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҒАЛАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
2025 жылдың 9 шілдесінде Шардара ауданының білім бөлімінің басшысы Жанат Мусатаева жұмыс сапарымен Шардара ауылындағы бірқатар білім беру мекемелерінде болды. Атап айтқанда, А.Әлімбетов және Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар барысында бөлім басшысы нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапасы, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкестігі және жөндеу жұмыстарының жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына дейін толық аяқталуын қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Жанат Мусатаева жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуы білім бөлімі тарапынан ұдайы және қатаң бақылауда болатынын ескертті.
Аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайын болуын қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі ретінде атап өтілді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1036930?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *