АҒЫН СУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
 
Бүгін, Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сайрам ауданына арнайы іс сапармен келіп, ауданның маңызды мәселелерінің бірі – ағын су тапшылығына байланысты бірқатар кездесулер өткізді. Аудан әкімі Арман Сабитовпен бірге атқарылып жатқан жұмыстар мен су саласындағы өзекті бағыттарды талқылаған министр су тапшылығының салдарын жеңілдетуге бағытталған нақты қадамдарды атап өтті. Аудан басшысы бірінші кезекте бетондауды қажет ететін жобалық-сметалық құжаттары әзірленген Әсіл, Бауарық, Теспе, Аламан, Сай-Манкент және Төменгі Аққала каналдарына қаржы қарастыру мәселесін көтерді.
Сонымен қатар, сапар барысында министр аудан тұрғындарымен және кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектеріне құлақ асты. Кездесу кезінде Нұржан Нұржігітов судың маңызын ерекше атап өтіп, қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарау қажеттігін жеткізді. Ағын су тапшылығының биылғы ауа райының ерекшелігімен тығыз байланысты екеніне тоқталып, бұл мәселе үнемі бақылауда болатынын айтты.
Мемлекет тарапынан қажетті шаралар кезең-кезеңімен атқарылып, су жүйелерін жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1034487?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *