
«LiveGood» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қылмыстық жолмен келген кірістерді криптовалюта арқылы заңдастырған
ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «LiveGood» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады.
«LiveGood» компаниясы дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сату түріндегі желілік маркетинг ретінде көрініп, шын мәнінде салымшыларды тарту арқылы кепілдендірілген табыс уәде етіп отырған.
Өнімді сатып алу міндетті болмаған. Қатысушылардың табысы тікелей түрде жазылу құны 50 АҚШ долларынан басталатын жаңа адамдарды тарту санына байланысты болған.
Нәтижесінде 80-нен астам азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналды.
Салымшылардың қаражатын заңдастыру мақсатында күдікті оларды криптовалюта биржасы арқылы заңсыз операциялармен шығарып, кейін туыстарының шоттарына аударған.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол Ақтау қаласынан екі пәтер мен Lexus автокөлігін сатып алған. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны – 43 млн теңге.
Соттың санкциясымен 132 млн теңге көлеміндегі оның есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алынды.
Іс сотқа жолданды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілдмейді.
Организатор финансовой пирамиды «LiveGood» легализовал преступные доходы через криптовалюту
Департаментом АФМ по Мангистауской области окончено расследование по факту руководства структурным подразделением финансовой пирамиды «Live Good», осуществления незаконной предпринимательской деятельности, а также легализации денег, полученных преступным путем.
Компания «LiveGood» под видом сетевого маркетинга по продаже лекарственных средств и БАДов фактически осуществляла привлечение вкладчиков, обещая гарантированную прибыль.
Покупка продукции не была обязательной, при этом прибыль участников напрямую зависела от количества приглашённых лиц, оформивших подписку стоимостью от 50 долларов США.
В результате свыше 80 граждан стали жертвами финансовой пирамиды.
В целях легализации денежные средства вкладчиков подозреваемым выведены через незаконные операции на криптобирже и затем переведены на счета родственников.
На преступные доходы он приобрел две квартиры в г.Актау и автомобиль Lexus общей стоимостью 43 млн тенге.
С санкции суда в целях конфискации на его счета и имущество стоимостью 132 млн тенге наложен арест.
В отношении подозреваемого избрана мера пресечения в виде домашнего ареста.
Дело направлено в суд.
В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация разглашению не подлежит.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1033173?lang=kk

Добавить комментарий