Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің мамандығыңыз – жануарлар әлемінің саулығын қорғаумен қатар, қоғам денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше жауапкершілікке ие, аса маңызды сала.
Ветеринария – кездейсоқ адамдар жоламайтын, тек адалдық пен жанашырлықты ту еткен мамандардың қызмет ететін ардақты кәсіп. Ел халқының амандығы мен ұлтымыздың әл-ауқаты ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуына, ал бұл салалардың тірегі – сіздердің тынымсыз еңбектеріңізге тікелей байланысты.
Сіздер күн сайын адал қызметтеріңіз арқылы жануарлардың денсаулығын сақтап қана қоймай, адам денсаулығы мен тұтынатын өнімдердің сапасын бақылауда зор үлес қосып келесіздер.
Кәсіби мереке – бұл атқарылған істерге қорытынды жасап, алдағы межелерді айқындайтын, сондай-ақ сала ардагерлеріне алғыс білдіріп, құрмет көрсететін ерекше күн.
Осы атаулы күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс, баянды өмір, берекелі тұрмыс тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне жарасын!
Ізгі ниетпен,
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1032766?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *