
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің дінтанушы-теолог маманы Ж.Жорабектің қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Радикалды теріс діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – діннің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның әлеуметтік үйлесімділікке, тұрақтылыққа және жеке тұлғаның рухани дамуына тигізетін әсері туралы пікір алмасу болып табылады.
Кездесу барысында, дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, діни толеранттылықты арттыру және жастар арасында дұрыс рухани бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.
Дінтанушы-теолог маман өз сөзінде, «Қазіргі кезеңде дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіреді. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен зорлық орнатады.
Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру.
Қазақстанда экстремизм мен терроризммен күреске айрықша көңіл бөледі. Елімізде экстремизмнің діни сипаттағы бағыты кеңірек таралып, мемлекеттік деңгейде түрлі шулы оқиғалардың себебі де болғанын жақсы білеміз»,- деп атап өтті.
Кездесуге барлығы – 50-ге жуық адам қатысты.
Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға, теолог маман тарапын тиісті жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1027150?lang=kk
Добавить комментарий