23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтау

Опубликовано:

Автор:

в категории
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Еліміздің гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі ерекше.
Дамыған мемлекет тек қана тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде құрылады.
Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге заманауи, сапалы қызмет көрсету міндеті қойылып отыр. Өйткені, халықтың билікке деген сенімі қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.
Сондықтан ел үшін қызмет ету, оның ішінде ауданның дамуына үлес қосу – мерейлі міндет, зор абырой.
Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте толағай табыс тілеймін!
Құрметпен, Ойыл аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1022895?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *