ҚҰРМЕТТІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Өнер – көзбен көрмей, жүрекпен сезілетін шындық. Сіздер – сол шындықты сөзбен суреттеп, күймен сөйлетіп, сахнамен тірілтіп жүрген рух иелерісіздер. Ұлттың үні өшпесін десек – мәдениетімізді, өнерімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Осы ұлы міндетті сіздер абыроймен атқарып келесіздер.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – халқымыздың рухани байлығын ұлықтап, төл мәдениетімізді дәріптеуге, ұрпақтың жүрегіне өнердің шуағын сіңіруге бағытталған баға жетпес миссия. Сахна сыртындағы үнсіз еңбек пен шығармашылық шабыттың көрінісі – ұлттың рухын көтеріп, қоғамды кемелдікке жетелейді.
Бүгінгі күн – мәдениет пен өнерге өмірін арнаған жанкешті жандарға деген алғыс пен құрметтің мерекесі. Сіздерге мықты денсаулық, шалқар шабыт, өнер жолындағы жаңа биіктер мен жасампаз табыстар тілеймін. Ұлттың үні – сіздердің қолдарыңызда. Сол үн ешқашан басылмасын, мәңгілікке жаңғырып тұрсын!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1001690?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *