
2025 жылдың 21 мамыр күні Ақжар ауылында Ақжар мәдениет үйінде Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы Омирхан Айкенович Канагатов халық алдында Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін берді. Жиынға мекеме- бөлім басшылары, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық ұйым мүшелері, БАҚ өкілі және ауыл тұрғындары, барлығы 200 –ге жуық адам қатысты.
Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы Омирхан Айкенович мәслихаттың құрылымына, 2024 жылы екі тұрақты комиссиялардың 14 отырысы өткізілгенін, 95 қаулы қабылданғанын, сонымен қатар сегізінші шақырылған мәслихат депутаттарының 2024 жылы атқарған жұмыстарына толыққанды хабарлама беріп өтті. Бүгінгі күнге дейін аудандық мәслихаттың 13 сессиясы өтіп, олардың қорытындысымен 88 шешім қабылданғанын жария етті. Аудандық мәслихаттың барлық сессиялары онлайн трансляция YouTube желісі арқылы көрсетілетінін және сессияның өтетін күні туралы «Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты»ММ интернет-порталы және аудандық «Тұғырлы Тарбағатай»газеті арқылы алдын-ала хабарланатынын атап өтті. Ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне тоқтала отырып, жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде 178 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 7 млрд.681 теңге қаражат жұмсалды. Мұндай көрсеткіш жергілікті атқарушы және өкілді мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асқанын атап өтті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін арттыруға жасалған қолдау шараларының нәтижесінде ауданның өзіндік кірістерінің көлемі де ұлғайып отырғанын атап өтті. Осы және өзге де жұмыс көрсеткіштерін баяндаған аудандық мәслихат төрағасы елді мекендердің инфрақұрылымдық ахуалы, тұрғын үй жұмыстарының барысы, білім беру ісіндегі маңызды міндеттер, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуде депутаттық корпус көтерген бастамалар жөнінде кең көлемді ақпарат берді.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтардан түскен өтініштерді қарастыру кезінде бірқатар өтініш шешімін тапты. Бұл ретте депутаттар сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін әр түрлі мекемеге, органдарға 76 депутаттық сауал жолданғаны туралы анықтама беріп өтті.
Алдағы уақытта Сіздермен бірлесе отырып ауданымыздағы өзекті мәселелердің шешімін табуына күш салып, береке-бірлікте жұмыстар атқаратын боламыз деген Төраға жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірін тыңдауға дайын екенін жеткізді.
Есеп беру жиын соңында кейбір мәселелерде өз тарапынан қолдау көрсетіп жүрген мәслихат төрағасына атқарған жұмыстары туралы «қанағаттанарлық» деген баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1001783?lang=kk
Добавить комментарий