
2025 жылдың 21 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Нұртаев Талғат Мұхамбетжанұлының және Департамент қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оықту барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» № 152 Жарлығы бойынша (тәртіптік жаза қолдану бойынша) және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл туралы» Заңы туралы баяндамалар жасалды.
Құқықтық оқытуға қатысқан Департамент қызметкерлері өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауабын алып, тағы басқа бір қатар өзара пікір алмасты.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1002346?lang=kk
Добавить комментарий