
Түркістан облысы ТҚК аппаратының үйлестіруімен Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен радикалды діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесу өтті.
Кездесуде Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Қ. Салықбаев қатысты.
Жиында азаматтардың экстремистік қозғалыстардың ықпалына енудің алдын-алу мақсатында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыни көзқарасты дамытуға баса назар аударылды.
Жиынды негізгі спикер ретінде Қ. Салықбаев жүргізіп, радикалды діни идеологияның белгілері туралы егжей-тегжейлі айтып, экстремистік ұйымдардың қолданатын манипуляцияларын анықтап, алдын алу әдістерімен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шара күдікті адамдардан діни білім алуға және дін туралы ақпарат іздеу үшін интернет ресурстарды пайдалануға байланысты тәуекелдерді талқылауды қамтыды.
Шара соңында аталған мекеменің басшысы мұндай бастамалар қызметкерлерге радикалдануға және экстремистік ұйымдардың ықпалына қарсы иммунитетті дамытуға көмектесетініне сенім білдірді.
Жиынға қатысқан полиция қызметкерлері оң пікірін білдіріп, тәрбиелік мағыналы жиын болғанын атап өтті.
Материал Түркістан облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017947?lang=kk
Добавить комментарий