
Климова Елена Викторовна-санитариялық-эпидемиологияляқ қызметінің ардагері. 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 35 жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар.
Елена Викторовна өзінің еңбек жолын Ақтөбе облысының облыстық санэпидстанциясында, содан кейін Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық зертханасының дәрігер-зертханашысы болып бастады. Өнеркәсіптік гигиена бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы және Басқарма басшысы лауазымдарын абыроймен атқарды.
Добавить комментарий